Ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі маңызды
2022 ж. 19 маусым

Білімнің сапасын көтерудің қазіргі таңда жолдары жетерлік. Ең бастысы білімді де білікті, ұшқыр ойлы шығармашылық қабілеті мол ұстаздың шәкіртімен бірлесе еңбек етуі талап етіледі. Сапалы білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық практикалық іске, еңбекке баулу дүниетанымын кеңейту. Баланың бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп жетілдіру болып табылады. Ол үшін білікті ұстаз бар білімін оқушыларының қабілетін жетілдіруге жұмсайды. Бұл тарапта қамшы салдырмайтын ұстаздар жетерлік. Балалардың білім сапасын арттыруда мұғалім бала қабілетінің дамуына күш салады. Оның ішінде мынадай негізгі белгілерін: дербестігін, проблемалық ситуация, шығармашылық таным әрекетін, диалектикалық ойлауын қадағалап, балалар мен жеке, дара жұмыстар жүргізеді. Осы тарапта Түркістан облысы, Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты С. Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде 7 сыныптары бойынша жазғы мектеп білім сапасын арттыру және шектеу шаралары кезінде жіберілген білімдегі олқылықтардың орнын толтыру мақсатында физика пәні мұғалімі Қасымбекова Гүлнардың ұйымдастыруымен "Кинетикалық энергия. Потенциалдық энергия" тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақ өткізудегі негізгі мақсаты кинетикалық энергия формуласын есептер шығаруда қолдану, жоғары көтерілген дене үшін потенциалдық энергияның формуласын қолдану болып табылады. Ол үшін түрлі плакаттар, таратпа қағаздар, слайдтар қолданылды. Оқушылар білікті ұстаздың сабағынан мол мәлімет алып, білім деңгейлерін көтергендеріне риза.