Мектеп – тәрбие бесігі

2022 ж. 30 маусым

Мектеп – тәрбие бесігі

Мектеп – тәрбие бесігі. Бала тәрбиесінің негізгі іргетасы мектепте қаланады. Сондықтан да рухани-адамгершілік тәрбиежауапкершілік, құрметтеу, адалдық сияқты қасиеттерді қалыптастыру ата-ананың да, мектеп мұғалімдерінің де міндеті болып табылады. Мінез-құлық құндылықтарын, адамгершілік жүйесін қалыптастыру және өз халқының мәдениетін меңгеру, моральдық көзқарасын қалыптастыру,оның халқының мәдениеті, этикалық стандарттар мен ережелер туралы хабардар ету, сондай-ақ мейірімділік, адамгершілік қабілеттерін дамыту да мектеп жасында қалыптасуы тиіс. Мектептердің тәрбие жұмысының жоспарына енгізілген барлық іс-шаралар оқушылардың жаппай қатысуына негізделеді және баланың дамуын әртараптандыруға бағытталған. Биыл «Балалар жылы» деп аталуына орай «Балалардың игілігі үшін" акциясы облысымызда түрі іс шаралар ұйымдастырылуда. Түркістан облысына қарасты Келес ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің .09.06. 2022 жылғы №566 санды хатына сәйкес Балалар жылына орай республикалық акциясы аясында оқушыларға тәрбиелік мәні бар, мазмұнды іс -шаралар легі жалғасын табуда. Келес ауданындағы Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебінде де аталған шара жоғары деңгейде өтуде. Аталмыш мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Дилюра Есіркепова, ұйымдастырушы-педагог Эльмира Сапарованың ұйымдастыруымен бастауыш сынып оқушылары Келес ауданының ардагер ұстазы, аудандық қоғамдық кеңесінің мүшесі Шекеркүл Есенбекова қажы апаның үйіне барып қайтты. Қажы апамыз балаларға өмірбаяның айтып, өнеге боларлықтай өмір жолынан сыр шертті. Бала тәрбиесінде ұлттық құндылықтардың алар орны, салт дәстүр, әдет ғұрыптардың баал тәрбиесіне тигізер пайдасы туралы да әңгімелеп өтті. Көнекөз қарияның өмір жолы да балаларға үлгі боларлықтай. Бала жастан дана жасқа дейінгі жүріп өткен жолында орын алған жақсылық туралы да тілге тиек етті. Жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену қажеттігін де атап өтті. Оқушыларға тәлім тәрбиелік мәні бар маңызды кездесу соңында қария балаларға ертегі кітаптарын, ойыншықтар сыйға тартты.