Көшбасшылық қабілеттерді қолдау жобасының берері көп
2022 ж. 24 маусым

Бүгінгі оқушылар еркін ойлы, біреудің пікіріне тәуелсіз, көшбасшылық қасиеттерге ие. Дегенмен дәл осы көшбасшы болуыға баулитын жеке мектептерде оқуға құмбылдардың қатары артып келеді. Осы тұрғыда Болат Өтемұратов қоры түрлі жобаларды жүзеге асырып келеді. Былтыр Қазақстанда қазақ мектептерінің оқушыларына арналған «Jas leader Akademiiasy» Эксперименттік жоба «Болат Өтемұратов» қорының қолдауымен бастау алған болатын. Болат Өтемұратов Қоры Түркістан облысы мен Шымкент қаласының әкімдіктерімен бірлесе отырып «Jas leader Akademiiasy» бағдарламасын іске асырды. «Балалар «Jas leader Akademiiasy» қосылу үшін жаңа оқу жылының басталуын асыға күтеміз. Бұл кешенді бағдарлама арқасында біз бірнеше жылдан кейін жастар арасында белсенді өмірлік ұстанымы бар, көздері ашық, өздерін көрсете білетін, дарынын тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемге жариялай алатын көшбасшылар тобын қалыптастырамыз», - деді Болат Өтемұратов қорының директоры Марат Айтмағамбетов. Ілкімді, заманауи жобаның жетекшісі, жас көшбасшылар ұйымының директоры - Наталья Ивановна Бахмутова. Бағдарламаның мақсаты - 5-11 сынып оқушылары арасында көшбасшылық қабілеттерді қолдап, дамыту және мектепте оқытпайтын, бірақ сұраныстағы дағдыларды үйрету. Қарым-қатынас дағдылары, аудитория алдында сөйлеу, уақытты жоспарлау және басқару, өзін-өзі таныстыру және өзіне деген сенімділікті дамыту - мұның бәрі балаларға «Jas leader Akademiiasy» бағдарламасында оқытылады. Қазіргі таңда Түркістан облысындағы 26 мектепте жоба жүріп жатыр. Атап айтқанда,Түркістан қаласында 20 мектепте, Кентау қаласында 2 мектепте, Төлеби ауданында 3 мектепте және Отырар ауданында 1 мектепте. Жоба аясында 5-11 сынып оқушылары арасында 7000 бала дәріс алып, түрлі
жобаларды жүзеге асыруда. Жобаның негізгі бағыттары: бизнес, қоғамдық өмір (әлеуметтік қызмет), мектеп. Жоба – ол әрдайым жаңа нәрсе. Барлық инновациялар түрлі мәселелерді шешуге бағытталған. Жобалар мәселелерді шешу үшін жасалады. Мысалы: лас ойын алаңдары мен саябақтар, демалып жатқан адамдар қоқысты жәшіктің жанында қалдырып кетеді, балалар әткеншектерді сындырып, орындықтарға сурет салады, қоқыс лақтырады.
Мұның бәрін жөнге келтіру үшін жасөспірімдер саябақта демалушылармен ақпараттық жұмыс жүргізу, қоғамдық сенбіліктерге шақыру арқылы шешімін табады. Яғни, қоғамда әрбір адам айналада орын алып жатқан оқиғаларға немқұрайдылық танытпай, бір адамды болса да тәртіпке шақырып, жөнге салса қоғамөзгереді. Тіпті тазалық сақтау сынды қарапайым ғана ережелерді қоғам санасына сіңіру үшін де еңбектену керек. Мұндай істің нәтижелері де жоқ емес. Жоба үшін таңдалған саябақ пен алаңдарда әрдайым сенбілік жүргізіледі. Айына бір рет болса да. Еріктілер балаларға қаладағы тазалықтың маңызы туралы әңгіме айтып, қызықты флешмобтар өткізеді. Құймақұлақ балалар тәртіпті болып тазалық сақтау жолында тер төгеді. Соның нәтижесінде аула қоқысқа толып жатпайтын болады. Сенбіліктер мен тазалық кездесулерінің тұрақты қатысушыларының позитивті ұстанымды қолдайтын қоғамы бар.
Жобаның мақсаты - 3 ай ішінде Түркістан қаласындағы алаңдар мен саябақтардың тазалығын қолдайтын белсенді қоғамдық қозғалыс құру.
Түркістан облысында 2 жылға жоспарланған «Көшбасшылық» факультативінің мұғалімдерін оқытуға арналған курс өз мәресіне жетті.
Алдағы жылда бағдарламаға Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және Алматы облыстары біртіндеп қосылады.