Ұдайы іс шаралар өткізіп тұрады

2022 ж. 6 шілде

Ұдайы іс шаралар өткізіп тұрады

Түркістан облысына қарасты Қазығұрт аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің "Тілдерді оқыту және дамыту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі еліміздегі айтулы мерекелерді қалт жібермей, ұдайы іс шаралар өткізіп тұрады. Жуырда Ұлттық домбыра күнінен орай игілікті іс шараға мұрындық болды.

Домбыра – қазақтың киесі, қа­сиеті, қазынасы. Қазақ пен дом­быра егіз ұғым. Домбыра әр үйдің төрінде ілулі тұра­тын ұлттық аспабымыздың күм­бірлеген үні барша халықты тамсандырады. Бүкіл қазақ дала­сы күм­бір-күмбір күй төккей, көк­тегі күн нұр төккей, домбырасын қол­ға алғай, әуелете ән сал­ғай­ «Нағыз қазақ қа­зақ емес, нағыз қазақ – домбыра!».

Топ тыңдаушылары арасында "Домбыра - қазақтың рухы" тақырыбында сабақ өтілді. Ұлы мұрамызды ұлықтайтын бүгінгі домбыра күнінің тарихы туралы тереңірек түсіндірілді.